Қылықтылар ордасы (ҚызПУ)
ЖенПУде көп естелігі өткеннің,
ЖенПУде көп лала гүлі көктемнің.
Талай ақын маңайында масайрап,
Ақ қағазға жүрегінен төккен мұң.
ҚызПУда бар қылықтылар мыңдаған,
Мұң-қайғыны ұмыттырар бір ғалам.
Қанша ақын сейіл құрып, бұл маңда,
Бір қыздарды, гүл қыздарды жырлаған.
Біздер аңғал момын дала баласы,
Алматы мен алыс ауыл арасы.
Арман қуып алып-ұшып келгенбіз,
Жағаласып, көп жандармен таласып.
Жылайтын да кездер болды күлетін,
Қала-Дала бізге ол шақ бір-етін.
Алматының «Гоголь» атты көшесін,
Көп жігіттер торуылдап жүретін.
Кейін ұқтым, баһадүрлер бағытын,
Бағы қыздар, онан басқа тағы кім.
Сол жігіттер бұл киелі ордадан,
Естіп едім, тапты деп өз бақытын.
Жайқалтады жүрек пен бағымды кім,
Сырымды ақтарайын шағын бүгін.
ҚызПУда оқып жүрген шығыр бәлкім,
Менің айдай болашақ қалыңдығым.
Қыз күлкісі сиқырлы, шіркін-дәрі,
Мүмкін-мүмкін барлығы, мүмкін бәрі.
© Арман ҚҰДАЙБЕРГЕН
Арман ҚҰДАЙБЕРГЕН еще тексты
Сейчас смотрят
- Арман ҚҰДАЙБЕРГЕН - Қылықтылар ордасы (ҚызПУ)
- Juanes (Иванов) - La Camisa Negra (Чёрная рубашка)
- Черная Экономика - Балаган feat. Стус, Дубас
- MC Loco - На подобии любви
- O&M~ Natasha St- Pier - Nos Rendez-Vous
- М-А-К-С - 10 капель (Танцы Минус)
- Айза, Гуф - Что я значу для тебя? Ты мне пишешь а я просто распадаюсь на куски, все девчонки, лучшие подруги, говорят, забудь его, он поиграет с тобой и бросит тебя , а я не могу , не могу не ответить ему на смс, просто я люблю тебя !!!
- Trijntje Oosterhuis - Trust In Me
- Operation Ivy - One Of These Days
- БГ и Аквариум - Любовь во время войны 2014
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1