Тұлғаңды арманыма ұқсатқанмын,
Үлгіңді көңіліме қыстатқанмын.
Есімде әліппені жаттатқызып,
Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның.
Қайырмасы:
Ұстазым, менің ұстазым,
Өзіңмен өткен қыс-жазым.
Қалдырған ізің мәңгілік,
Жадымда тұрар жаңғырып,
Ұстазым, менің ұстазым!
Зердемді сен ашпасаң не етер едім?
Өмірден сыбағасыз өтер едім.
Ғажайып дүниенің сырын жайып,
Қияға қызықтырып жетеледің.
Қайырмасы:
Ұстазым, менің ұстазым,
Өзіңмен өткен қыс-жазым.
Қалдырған ізің мәңгілік,
Жадымда тұрар жаңғырып,
Ұстазым, менің ұстазым!
Өзіңнен өмірге азық ала бердім,
Ұшырып мені алысқа қала бердің.
Бойымда отың кетті ұшқын атқан,
Келеді жана бергім, жана бергім!
Қайырмасы:
Ұстазым, менің ұстазым,
Өзіңмен өткен қыс-жазым.
Қалдырған ізің мәңгілік,
Жадымда тұрар жаңғырып,
Ұстазым, менің ұстазым!
Арман Карынсау еще тексты
Другие названия этого текста
- устаз - Ұстазым, менің ұстазым (1)
- Арман Карынсау - Устазым менин устазым (1)
- кайрат нуртас - ол сен емес (0)
- 3333333333333333333333333333333333 - Ұстазым, менің ұстазым (0)
- www.miras.kz - Ұстазым, менің ұстазым (0)
- Акнур - Ұстазым менің ұстазым (0)
- Темирлан Баймуханов - қазақша рэп (0)
- акбота - устазым (0)
- Ақбота Керімбекова - Ұстазым, менің ұстазым (0)
- zarina - Ұстазым, менің ұстазым (0)
- устазым менин устазым - Ұстазым, менің ұстазым (0)
Видео
-
Алмаз - Устазым, менин устазым
2:27:39. Арман Дуйсенов и Айару Наукенова, Айголек 2015ж - Duration: 3:15. by Рахат Наукенов 385 views. 3:15. МузАрт ... -
Арман Карынсау - Устазым менин устазым
Арман Карынсау Устазым менин Устазым Арман Қарынсау Ұстазым менің ұстазым.
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 4