Қанша арман еткенімнен Жоғалттым сені мүлде Көзімнен кеткеніңмен Жүрсің ғой көңілімде Сыры бар сезбеспінде Айналды танымасқа Қайтадан кездескенде Болар ма еді бәрі басқа
Қ-сы: Көнерсің күйгеніңе Тағдырмен егісе алмай Қоспайтын сүйгеніңе Бұл өмір неге сондай Махаббат мағынасын Табалмай кезіп жүрмін Сен мені сағынасың Мен оны сезіп жүрмін
Жадымда бейнең әлі Үмітім мың гүлдеді Қайтадан кейде бәрі Келердей бір күндері Биікке самға бағым Кеудемде ән ойнасын Сындырып алма жаным Бақыттың шар айнасын