Мариям Жагор деген орыс қызы Он алты, он жетіге - келген кезі Қазаққа Дудар деген ғашық болып Сондағы Мариямның айтқан сөзі Дударари-дудым Бір сен үшін тудым! Шіркін-ай, Дудари-ри-дудым!
Қолында Мариямның өткір қайшы Қағазға Мариям аты жазылсайшы Қор болып бір жаманға кеткенімше Алдымнан қазулы көр табылсайшы! Дударари-дудым Бір сен үшін тудым! Шіркін-ай, Дудари-ри-дудым!
Ащыкөл, Тұщыкөлдің арасы бір Басыңа камшат бөрік жарасып жүр Дудар-ай, келер болсаң тезірек кел Орныңа орыс казак таласып жүр