Көгімдегі айым дейін сені, Көкшедегі қайың дейін сені Көзден ұшып жырақта жүрсең Шамшырағым күнім дейін сені Әнші бағым, гүлім дейін сені, Өзіңмен бір жұмаққа кірсем.
Аппақ таңдай тілегім де өзің Алатаудай тірегім де өзің Жер бетінде қатар жүргенде Қоныстасып бірге күн кешейік. Қол ұстасып бірге үндесейік Атар таңға батар күндерге.