Жаз болса жарқырыған көлдің беті Көгеріп толқындайды, япур-ай, алыс шеті Дірілдеп толқын басқан мөлдір суын Шайқайды жас баладай, япур-ай, желдің лебі
Алтын бу айна көлдің бетін жабар Ақ сәуле көкке төніп, япур-ай, маржан тағар Есіме ақ еркемді алған кезде Ақмаржан жылт-жылт етіп, япур-ай, жерге тамар