1.Түннің қай уақ болғанын да кім білген,
Сөніп жатты жұлдыз біткен бір-бірден.
Сөніп жатты үмітімдей бәрі де,
Жаным ысып, жалын құшып тұрдым мен.
Қ-сы
Екі жұлдыз - екі бақыт көктегі,
Төбемізде тұрып алды, кетпеді.
Бар аспаннан екі жұлдыз көрдік біз,
Біздер де екеу едік сәулем өйткені.
2. Үнсіз ғана, бізге, жаным, еленбей,
Уақыт, шіркін, өте берді бөгелмей.
Екі жұлдыз тұрды аспанның жүзінде,
«Екеуіңді қимай тұрмыз» дегендей.
Қ-сы
Екі жұлдыз - екі бақыт көктегі,
Төбемізде тұрып алды, кетпеді.
Бар аспаннан екі жұлдыз көрдік біз,
Біздер де екеу едік сәулем өйткені.
3. Өз жолынан жаңылмайтын мәңгілік,
Келе жатты көкжиектен таң күліп.
Екі жұлдыз сөне берді ақырын,
Көкірегімде ақ сәулесін қалдырып.
К-сы
Екі жұлдыз - екі бақыт көктегі,
Төбемізде тұрып алды, кетпеді.
Бар аспаннан екі жұлдыз көрдік біз,
Біздер де екеу едік сәулем өйткені.
Арука-Аделя еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1