Жолыңа карап көз тастаймын алысқа, Қайда жүрсең жаным мені ұмытпа. Қанша уақыт өтті арада, Сүйгенім жоқ еш бір жанды, Жыламашы махаббатым сен. 2рет
Бұл өмірде жалғыз сені сүйемін, Сені сүйіп бұл өмірден өтермін. Мүмкін әлі түсінерсің, Түсінген соң өкінерсің, Жыламашы махаббатым сен. 2рет
Мені ұмыттың, өзге жанды қаладың, Айтшы жаным неге мені алдадың? Сорың ба?, әлде бағың ба? Келесің ғой тағыда, Жыламашы махаббатым сен. 2рет Мүмкін әлі түсінерсің, Түсінген соң өкінерсің, Жыламашы махаббатым сен. Қанша уақыт өтті арада, Сүйгенім жоқ еш бір жанды, Жыламашы махаббатым сен.