Қыз Қорлан қор қызындай тамсандырған Естайға әлемде жоқ ән салдырған Маралды! Маралды - көл! Маралды - төр Самалдай ән еседі қарсы алдыңнан О, Маралдым, Маралдым! Сенің үшін жаралдым Топырағыңнан нәр алдым Көзіндейсің сен маған Атам менен анамның Туған ел, туған жерім - Қызыл таңым Сапырған күн астында қызыл дәнін Өссем де құшағыңда ажырамай Көркіңе көрмегендей қызығамын О, Маралдым, Маралдым! Сенің үшін жаралдым Топырағыңнан нәр алдым Көзіндейсің сен маған Атам менен анамның О, Маралдым, Маралдым! Сенің үшін жаралдым Топырағыңнан нәр алдым Көзіндейсің сен маған Атам менен анамның