Асыл әжем менің асқарлы белім Сөздеріңді сенің құлағыма құйып келем Асыл әжем әнім ақылың дара Салған жолың сара сол жолыңмен жүріп келем Көбелектей гүлден гүл аңсаған Бақытымды бірден бір аңсаған, әжем Балғын бала сезім арналады бұл әнім саған
Қайырмасы: Асыл әжем сәл көрмесем сағынамын Асыл әжем шырағың боп жағыламын Жетелеген арманға сенен ыстық жан бар ма
Асыл әжем панам ойлан деп балам Оянсын деп санам ақылыңды айта бердің Небір қызық қымбат ертегі, жұмбақ Тарихымды тыңдап мен өмірге қайта келдім Батыр екен өткен бабаларым Сенің де бакытты балаларың, әжем Балғын бала сезім арналады саған бұл әнім
Қайырмасы: Асыл әжем сәл көрмесем сағынамын Асыл әжем шырағың боп жағыламын Жетелеген арманға сенен ыстық жан бар ма