Уақыт ұрлап барады ажарыңды,
Ана, сенiң өмiрiң ғажап үлгi.
Өткен күнге отырсың шүкiр айтып,
Құтқа балап кешкен мың азабыңды.
Қайырмасы:
Сын шақтарда қалған жоқ жүгiң құлап,
Жаныма, ана, сенiң жырың қуат.
Кеше бiздер бала едiк, түсiнбеппiз,
Түсiне алмай жүрмiз-ау бүгiн, бiрақ...
2. Еңсенi езген сыр бермей нала-мұңға,
Сен қатесiн кешiрдiң баланың да.
Тұрды ананың мейiрiмi жанарыңда,
Тұрды әкенiң ашуы қабағыңда.
3. Жүзiңдi әжiм барады көлеңкелеп,
Аңғармадым, жүрдiм де мен еркелеп.
Мынау ғазиз әлемнiң жылуынан
Махаббатың, шуағың ерек-бөлек.
Асема Мустафина! еще тексты
Другие названия этого текста
- Асема Мустафина! - Перзент сыры (0)
- АКЕЛЕУ Аяпова - Перзент сыры (0)
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1