Әппақ тілегім орындалғанда,
Аңсаған бақыт қолыңды алғанда.
Не жетер шіркін өзіңнің мәңгі,
Сүйген жарыңа жолыға алғанға
Асқақ арманға баратын бірге,
Шырағым болып жанатын түнде.
Сырымды ұғар сыңарым өзің,
Өмірдің әнін салатын күнде.
Тірегім болып жүрсің қасымда,
Шаттықтан көңілім көлдей тасуда.
Бәрінің бірдей мына жалғанда,
Жетпейді ау қолы сендей асылға.
Жетпейді ау қолы сендей асылға.
Таптыңда өзің дертімнің емін,
Биледің бірден еркімді менің.
Әлемнің барлық әдемілігін,
Бойыңа жиып беріпті сенің.
Асқақ арманға баратын бірге,
Шырағым болып жанатын түнде.
Сырымды ұғар сыңарым өзің,
Өмірдің әнін салатын күнде.
Тірегім болып жүрсің қасымда,
Шаттықтан көңілім көлдей тасуда.
Бәрінің бірдей мына жалғанда,
Жетпейді ау қолы сендей асылға.
Жетпейді ау қолы сендей асылға
аскак арманга баратын бирге еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 4