Сол арудың назды күлкісі сыңғыр қаққанда Жүрегімде әсем ән туды арайлы ақ таңда Күйіп мен жанамын,мөлдір жанарың тура қарағанда Тәңір бұйыртып,маған сый етіп анаң тапқан ба?
Қ:сы Сұлу қыз сенсіз көңіл толы мұң Мәрмәр мүсін жақұтым Болшы менің бақытым!!!
Жанды баурап,бір көргеннен-ақ естен тандырдың Тамшысындай неткен мөлдірсің күзгі жаңбырдың Кездесейікші,жүздесейікші жиі-жиі біз Тек тілейтінім жарқын болса екен болашағымыз
Қ:сы
Сүйем десем жымиып қана төмен қарадың Бұртиып сен не десең дағы көнем қарағым Тәтті шекерім,көңіл көктемін сенен табамын Алып кетемін,бақытты етемін ерке маралым!!!