Сенен сұлу, Ақтамақ, жан өтпейді-ай,
Ақылың асқан дариядай көз жетпейді, Ақтамақ.
Шыға келсең жалт етіп бұлт астынан-ай,
Қайран болмай көрген жан бір кетпейді, Ақтамақ.
Айдың көлдің еркесі,
Ерке өскен-ай, Ақтамақ.
Гүл бақшада сайраған,
Бұлбұлымсың-ай, Ақтамақ.
Оқтан ұшқыр жарқ етсе қара көзің,
Қорғасындай балқытар айтқан сөзің, Ақтамақ.
Сымға тартқан күмістей нәзік белің,
Сәтті күні жаралған жансың өзің, Ақтамақ.
Айдың көлдің еркесі,
Ерке өскен-ай, Ақтамақ.
Гүл бақшада сайраған,
Бұлбұлымсың-ай, Ақтамақ.
Асыл тобы еще тексты
Другие названия этого текста
группа ASSYL - Ақ тамақ (1) Асыл тобы - Ак тамак + (0) Асыл тобы - Ақтамақ халық әні (0)
Оценка текста
Как вам текст?
1 out of 5
2 out of 5
3 out of 5
4 out of 5
5 out of 5
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2