Айналайын қарағым Алтыным-ай-ай
Ақ жүзіңді көргенде балқыдым-ай-ай
Көрмегелі көп айдың жүзі болды-ай
Есен аман-жүрмісің жарқыным-ай-ай
Қайырмасы:
Күміс құмған-ай, отта тұрған-ай
Айналайын көзіңнен ашып жұмған-ай
Бекзаттарым-ай жекжаттарым-ай
Жекжат болып ауылыңа кеп жатқаным-ай
Ай болмаса аспанда адасады-ай
Көтермесе көңілді кір басады-ай
Жақсылардың кеудесі алтын сандық-ай
Кілт болмаса сандықты кім ашады-ай
Біздің ауыл сұрасаң бел тұрғанда-ай
Қайың ағаш солқылдар жел тұрғанда-ай
Күн мен айын біреудің неғылайын-ай
Қарсы алдымда күлімдеп сен тұрғанда-ай
Асылжан Калжанов еще тексты
Другие названия этого текста
- Ice-DeReM(Азамат) & WisT_Mc(Жасулан) - кумис кумган ай (0)
- Асылжан Калжанов - Кумис кумган-ай (0)
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2