1) Өзің барда нұрлы еді айналамның барлығы Күз келді де кеудеме басты мені бар мұңын Бақыт алыс жол қысқа артта қалды таң нұры Осы шығар жарығым жаратқанның жарлығы
2) Сағым қолын бұлғаса сен екен деп ілестім Сенсіз өткен бір түнмен таң атқанша күрестім Мұңаяды жай ғана қабақ ашпай күлмес күн Есіме алып өткенді елесіңмен тілдестім
3) Күн күрсініп аспанда ай жылады жасырын Сені қатты сағындым естисің бе асылым Тек өзіңді іздеумен өтеді әлі ғасырым Жолығармыз түбінде ғарыштағы ғашығым