Өзге емес , өзім айтам өз жайымда,
Жүрегім жалын атқан сөз дайында.
Тереңде тұнып жатқан дауыл күйді,
Тербетіп, тулатып бір қозғайын да...
Аманжол - Рахымжанның Қасымымын,
Мен қалған бір атаның ғасырымын.
Біреуге жұртта қалған жасығымын,
Біреуге аспандағы асылымын.
Ша-арлаған жолым жатыр жер бетінде,
Көрінер көлеңкесі келбетімде,
Қа-ай жерде үзіледі қайран сапар,
Түйін боп өмірімнің бір шетінде.
Екі көз – екі жұлдыз маңдайдағы ,
Көруші ең құбылысты қай – қайдағы.
Яяпырмай,сен де бір күн сөнермісің,
Қап – қара түнек болып маңайдағы.
Дариға, о дариға,шіркін дәурен,
Баасымнан таярмысың бір күн дәурен.
Жалт беріп жоғалар ма нажағадай ,
Жүүзіңде шалқып тұрған күлкім,дәурен.
Сен неткен бақытты едің, келер ұрпак,
Қараймын елесіңе мен таңырқап.
Жааңғыртып жер сарайын сен келгенде,
Көрпемді мен жатармын қырда қымтап.
Қасым Аманжол еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 4