Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

ҚАСҚЫР Х QARAKESEK - БАУЫРЫМ #86 | Текст песни

Бармаған жерім жоқ, жұмыс сұрадым,
Жауапсыз қалды ма не мендегі сұрақ тым?
Кімге барып сұраймын, кім маған көмектеседі,
Түсінетін қасымда бауыр жоқ нанды бөліп кесетін.
Сағындым анамды уайымдайтын баласын,
Мама, мен тоңдым, тым суық Орал қаласы.
Сағындым ауылды, сағындым үйімді,
Сағындым бауырды түсінген жан-дүниемді.
Бауырым, ешқашан сағыныш басылмайды,
Тума-туыс дегенім есігі ашылмайды.
Алдыма мақсат қойып келген едім қалаға,
Уақыт өтеді айналып, бұзақыға айналдым.
Жүректе иман қалмады, бар ма басқа амалым,
Ұрлық түбі – қорлық, эй, қайтарып аларсың!
Тағы ауыр күн, Құдайым, көмек сұраймын,
Мәңгі ұйқыға кетіп, келесі өмірде тұрайыншы, а!?

Қ-сы: (х2)
Өтер өмір өз-өзімен тулап,
Қойдыртып адамға көп сұрақ.
Жауабын жасырып, бір жаққа асығып барады.

Жүзіп бара жатырмыз «өмір» деген ағыста,
«Жер» деген қайықпен.
Ағысы кейде қатты, кейде жай байыппен,
Қатты ағыс талай адамдарды шайып кетті.
Біз тіріміз, бауырым, кеудеде жан бар,
Байқайсың ба, күлімдеп атады таңдар.
Үміт өшетіндей өлген жоқпыз, сен түңілме,
Мүмкіндік бар, өмір ғо, күлімде.
Өмір сүр бүгіннен қарайлап ертеңіңе,
Ақиқатқа жақынсың, ендеше алдамасын ертегілер.
«Шаршадым!» деме, сен жетім емессің,
Өмірге күліп қара, білесің қайта келмесін.
Таусылады дем, бітеді жалған өмір,
Өмірмен алысып жүргенде жеңіп кетеді өлім.
Қолда барды бағала, бақыт өз үйіңде,
Бақыт байлықта емес, бақыт өз үйіңде.

Қ-сы: (х2)
Өтер өмір өз-өзімен тулап,
Қойдыртып адамға көп сұрақ.
Жауабын жасырып, бір жаққа асығып барады.

ҚАСҚЫР Х QARAKESEK еще тексты


Другие названия этого текста
  • ҚАСҚЫР Х QARAKESEK - БАУЫРЫМ #86 (0)
  • QARAKESEK (Deny So Lahr) - БАУЫРЫМ (feat. Қасқыр) (0)
Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1