Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Аққуан - Көгершінім | Текст песни

Көгершінім, қызыл гүлім
Сен айта алмаған өлеңім
Күнде сені басқаменен көремін
Сол кезде өртенген өзегім,
Сен айта алмаған өлеңім
Бұл күн атпай, сабыр татпай жүремін!

Қайырмасы:
Сен оны сүйесің білем
Бірақ жаным мен де сүйем
Махаббатың жалынына күйемін, күйемін
Ара түспеймін шыдаймын
Бірақ ешкімге қимаймын
Өзімеее,өзіме-өзім симаймын...

Таңым атпай, кешім батпай
Бір сені ойлап ұйықтай алмай
Отырмын мен не істерімді біле алмай, біле алмай
Махаббатың уын ішіп
Қайғы мұңға терең түсіп
Көз алдымнан кетпейді-ау сенің бейнең, бейнең
Қайырмасы:

Көгершінім қызыл гүлім, сен айта алмаған өлең.
Сені іздеумен, күтуменен,мұңаяды көңілім.
Көгершінім жалғыз сен, бір көргенде ғашық болдым
Жалғыздықтан көз ашпай, махаббатқа асық болдым
Ғашықпын аяулым, мәңгілікке сүйіп өтемін
Сағыныштан сарғайып, бір өзіңнен жауап күтемін
Аяулы сағынышым, көрмедім жалғыз сендей
Кездестіріп сені жаным, секілді түс көргендей
Сағындым бір өзіңді, мөлдіреген көздеріңді
Танысқанда сол бір сәтте, сенің айтқан сөздеріңді
Мен де жаным сеземін, бар секілді сүйгенің
Бірақ жаным аяулым көзім талмай күтемін
Ұясынан ұшқан көгершінге теңеймін
Бір бақытты аяулым, бір өзіңе тілеймін
Сүйсеңде басқа жанды, үмітімді үзбеймін
Күні-түні армандаумен, қасымнан сені іздеймін
Айлы түннің астында, шақырып кездесуге
Жүзің сенің күлімдеген, мөлдір көзің елесімде
Барасың сен қай жаққа, өзімсіз көгершінім
Жалықпаймын күтуден, мөлдір жасты төгесің
Жүзіңді сағындым дерт сезімді айта алмай
Тамшы жасым ағады мөлдір көзді ұмыта алмай
Қош бол көгершінім, қош бол мәңгілікке
Сені іздеумен арманым мұңаямын әрбір кеште!

Қайырмасы:


Аққуан еще тексты


Другие названия этого текста
  • 12345 - Көгершінім (0)
  • Аққуан - Көгершінім (0)
Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1