1 Жаным маған сөйлемейсің,төмен қарап күлімдейсің Кел демейсің, кет демейсің, неге сонша өкпелейсің Кінәлап мені тұрғандай, көз жанарың суық қандай Ренжімедім дегенменде, көзің айтып тұрғой бәрін
Қ-сы Ренжімеші, ренжімеші маған қарап күлімдеші Қабақ түйіп төмен қарап Көңіліңді түсірмеші Көрейінші жанарыңнан Ай сәулесін жарқыраған Көңіліңді жұбатайын жақындашы жаным маған