Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Ауен студия(Асема) - Жалт Етiп Откен | Текст песни

Алау шақ өтеді-ау,
Сағынышым шекер-ау,
Біз аңсаған бақыт қайда екен?
Өткен күндер бекер-ау,
Оралмайды екен-ау,
Қиялыммен сені тербетем…
Жүректегі шырыным,
Құлағымда тұр үнің,
Көңілде солмай жүрген гүлім.
Аңса, мейлің, аңсама,
Сағынышпен қаншама,
Оралмайтын күндер екен ғой…

Қайырмасы:
Жалт етіп өткен,
Сонау бір көктем,
"Қош бол" енді деймін бе саған.
Жүрегім енді,
Бәріне көнді,
Қош бол, қалқам, жеткізбеді арман…

Шуағым, сәнім-ау,
Айтылмаған әнім-ау,
Естелік боп қана қаласың.
Көңіл деген әрқалай,
Жүрмедің бе қалқам-ай,
Жүректердің жалғап арасын.
Кезікпейсің енді сен,
Кезікпеймін енді мен,
Аңсаумен өткен күндер қанша?

Ауен студия(Асема) еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1