Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Ахмет пен Лаура - Дос керек | Текст песни

Жалғаныңнан жалыққанда дос керек,
Сағыныштан зарыққанда дос керек.
Арман алыс, үміт ұзап жеткізбей,
Жалғыз қалып, қамыққанда дос керек.

Кіші - үлкенмен келісуге дос керек,
Мауқың басып көрісуге дос керек.
Тірлігіңде қызық көріп, той тойлап,
Қуанышты бөлісуге дос керек.

Қ-сы : Дән риза менің нәзік гүл жаным,
Сыйлады ғұмыр бізге мырза күн.
Бұл дүниеде саған досым - ай,
Саған досым - ай, саған досым ризамын.

Дұшпаныңмен егесуге дос керек,
Ақылдасып, кеңесуге дос керек.
Қадіріңді білмейтұғын тірлікте,
Ағайныңмен кеңесуге дос керек.

Зәбір көріп, айырылғанда дос керек,
Табаныңнан тайдырған дос керек.
Қорлық көріп қаумалаған көп иттен,
Көкжалдайын қайғырғанда дос керек.

Қ-сы : Дән риза менің нәзік гүл жаным,
Сыйлады ғұмыр бізге мырза күн.
Бұл дүниеде саған досым - ай,
Саған досым - ай, саған досым ризамын.

Жапырақты жаярыңда дос керек,
Өміріңнің баянында дос керек.
Бақұлдасып қалу үшін армансыз,
Ғұмырыңның аяғында дос керек.

Дүниенің жалғанында дос керек,
Қанатыңның талғанында дос керек.
Қуанатын жүрегімен сен үшін,
Жұлдызыңның жанғанында дос керек,

Қ-сы : Дән риза менің нәзік гүл жаным,
Сыйлады ғұмыр бізге мырза күн.
Бұл дүниеде саған досым - ай,
Саған досым - ай, саған досым ризамын.


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-