Бақытым болып жолыққан маған Күн сайын саған жақындап барам Сенің көзің мен үшін бір бөлек ғалам Жұлдыздай жарық жанамын жаным Сен болсаң мәңгі менің жанымда Қайда болсаңда жаныңдамын Жаныңдамын сенің жаныңда
Аяулы әнім сен деп білемін Аялағаным сен деп тілемін Аңсаған асыл арманым едің Таңдауым менің Жаныммен сүйіп бағалағаным Сезімімді сен бағала жаным Өзіңді сүйген жүрегімді жараламағын
Жүректің әнін сен үшін салам, Өмірдің нәрін өзіңнен алам. Бар әлемнен сендей жанды қайдан табам. Себебі сенсің сағынышымның, Өзіңдей ешкім енді табылмас. Қайда болсаң да жаныңдамын, Жаныңдамын сенің жаныңда