Мен де сені елестеп толған айдай
Айың тусын оңыңнан жолың болғай
Бір өзіңсің арманым сәулетайым
Адастырма аяулым баста солай
Айға қарап түсірем сені есіме
Жыр жазамын бір сен деп түн ішінде
Кездеспеген күндерім бір өзіңмен
Уақыт өтпей қояды — ау тізбектелген
Ұшқындаған көздерің жұлдыздардай
Қара шашың толқыған түнгі аспандай
Сыңғырлаған күлкіңді естімесем
Толған айды болады бұлт басқандай
Айға қарап түсірем сені есіме
Жыр жазамын бір сен деп түн ішінде
Кездеспеген күндерім бір өзіңмен
Уақыт өтпей қояды — ау тізбектелген
Ақылбек Жеменей еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1