1.Сен – қазақсың!
Қазақ деген ел бөлек,
Қазақ салған соқпақ бөлек, жол бөлек.
Киіз үйі Жер сияқты жұп-жұмыр,
Шаңырағы күн сияқты дөңгелек.
қ-сы
Сен – қазақсың!
Ұлы дала – тұғыры.
Күмбір-күмбір күрескерлік – ғұмыры,
Тірескеннің дірілдеткен тізесін
Тұлпарыңның тұяғының дүбірі!
2.Сен – қазақсың!
Қазынасы – нәсіп, құт.
Қазақ болу – ғаламатқа ғашықтық.
Жерің, суың, тауың сұлу соншалық,
Көрген көзден кететіндей жас ытқып!
3.Сен – қазақсың!
Қазақ едің туғанда!
Онда, дүние тағылымынан үлгі ал да,
Ата жұрттан, Ана тілден айрылма,
Төбеңде Күн, төменде Жер тұрғанда!
Бағлан Әбдіраймов еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1