Сырымды бөлістім аспанда толған Аймен, Мұң қона бастады екі көздеріме жаймен. Жұлдыздар жымыңдап, түн ұйқымды ұрлады, Менің бұл махаббатым жүрегімді қорлады. Таң атты көз алдымда қара түнек сейіліп, Бір сәтке жаңбыр жауды қара бұлттар жиылып. Сен жоқсың қасымда, мен сені іздедім, Қиналып, бұлқынып сені іздеді жүрегім. Мен сені сағындым, сағынып келемін, Біз енді қосылмаймыз, оны анық білемін.