Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Баглан мен Досмухамет - Беу айдай(халык ани) | Текст песни

Қалам алып қолыма жазамын хат,
Өзім арзан болсам да, сөзім қымбат, беу, айдай.
Бекер қарап отырған жараспайды,
Өлең сөзден бастайык аз насихат, беу, айдай.

Қайырмасы:

Былтырғы мен биылдай,
Қолда жоқтың қиыны-ай.
Ұстараның жүзіндей
Аударылған дүние-ай.
Жүруші едік той тойлай,
Торғын белбеу бір байлай.
Әдейі іздеп келгендей,
Сөйлесейік ыңғайлай.

Орта бойлы кара көз шырайлымай,
Бір сөйлеспей өзіңмен тынармынба ай, беу, айдай.
Сөйлегенде тіліңнен бал тамады,
Сенен көңіл басқаға бұрармынба, беу, айдай.

Қайырмасы:

Халық әні
Сан ғасырлық тарихы бар халық музыкасының озық үлгілерінің бірі – «Беу, айдай» әні. Бұл туындының тәрбиелік мәні зор. Ел арасына кең таралған әнде өмірдің өтпелі екені, сондықтан адам үшін сырласып, сыйласудың маңызды екені әсерлі беріледі.

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-