Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Бақдәулет Арыстан - Кешірші Алла | Текст песни

Кешір Алла...💚

Жаратқан Ием, өзіңе ғана табынам,
Құлыңды кешір, жаман әдеттен арылам,
Кешірші мені, күнәмді кешір Иа Алла,
Өмір жолымнан адастырмашы жалынам.
Жалынам саған құлыңа ләйім жақ болшы.
Адастырмашы, мүмкіндік берші, бақ берші.
Кешірші Алла, кешіре көрші құлыңды,
Тек жүрегіме бір уыс иман салып берші,
Жүрекке иман, ақылды берші басыма,
Амандық берші, адалдық берші асыма,
Кешірші Алла, кешіре көрші пендеңді,
Қоса гөр мені иманды жанның қасына.
Мейіріміңді төге гөр маған Жаратқан,
Тек сенің ғана қалауыңменен таң атқан,
Сенемін саған тілерім енді Иа Алла,
Адам қыл мені елін аузына қаратқан.
Адал жолыңнан тайдыра көрме тәңірім,
Өзіңнің ғана болады білем әмірің,
Кешірші Алла, тілегенімді қабыл ет
Құлыңмын сенің өткеннің білдім қадірін.
Кешірші Алла, сен барсың, сеземін, білемін,
Күнәмді кешір, кірлемесінші жүрегім,
Тек сенен ғана жәрдем сұраймын Жаратқан
Сақтай гөр мені, бақ берші маған тілегім.
Иа жалғыз Алла, келмейді менің ұрынғым,
Адастырмашы құламасам да сүріндім,
Саған құлшылық етуді маған нәсіп ет.
Кешірші Алла, тілегін алшы құлыңның.
Адастырмашы көрсете көрме ауырды,
Иа жалғыз Алла, алшақ ете гөр жауынды,
Тек сенің ғана жылай аламын алдыңда,
Сақтай көрші, Алла, ата-анам менен бауырды.
Өнердің енді арғымағына мінейін.
Қабыл етші, Алла, адам боп өмір сүрейін
Есіміме сай, бақ, дәулет берші, Жаратқан Иман бере гөр, шүкірлік етіп жүрейін.
Кешір Алла...

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 5
Видео
Нет видео
-