1)Қара таудың қиясы бар,
Қара талдың ұясы бар.
Жат жұрттыққа жаратылған,
Қыздың қандай кінәсі бар?
Қайырмасы:
Әй,әй керім боран белім,
Барған жерің бағыңды ашсын,
Әй,әй құрбым, айдай құрбым,
Бізді ұмытпай ойлай жүргін.
2)Айдын көлдің құрағы бар,
Аққу қаздың сыңары бар.
Қыдыр ата шағып алған,
Қыздың қандай кінәсі бар?
Қайырмасы:
Әй,әй керім боран белім
Барған жерің бағыңды ашсын.
Әй,әй құрбым, айдай құрбым
, Бізді ұмытпай ойлай жүргін.
3)Арпа ма екен, бидай ма екен,
Төкпей шашпай жинайды екен.
Туған жерін қыз баланың,
Қимайтыны қинайды екен.
Қайырмасы:
Әй,әй керім боран белім
Барған жерің бағыңды ашсын.
Әй,әй құрбым, айдай құрбым,
Бізді ұмытпай ойлай жүргін.
Исполнитель: Байырбекова Жазира http://song5.ru
Байырбекова Жазира еще тексты
Видео
-
Жазира мен Жанболат - Жұбайлар жыры
Жазира мен Жанболат - Жұбайлар жыры .... Жазира Байырбекова мен Айжан Сагатова Армансыз күнім болмайды - Duration: 3 ... -
Жас жубайлар . Дәрібаевтар
Толығырақ: http://daribaevtar.kz/ http://daribaevtar.ucoz.ru/ Tel: 8 701 333 00 28; 8-727-387-13-43 ...
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2