Жолықтың жүрегімде мұң барында Көріктім түсінем бұл жағында Кездесуге шақырсам келіспеуші ең Бірақ өзің жүрсің түн жарымында Білмеймін, жұлдызымды кім жағарын Мені қатты қинайды бұл заманым Үміт жібін үземді қайта жалғап Мың ойланам айтсаңшы бір жауабын Байлығым бәрін айтшы басып бетке Бәлкім менің жүрегім ғашық текке Білесің әр нәрсенің шегі барын Сен сондықтан мәреден асып кетпе Байқадым биікте екен орнын тым Адастырды сезімнің жолы мүкін Шыдамым қурап кеткен шөпке айналды Кейбиреулер өртейди соны бір күн Мен саған жүрегімді шын беріптім Ойланып келе ма деп күнде күттім Қалқамау қаламасаң қайтем енді Әйтеуір шын ғашық болып үлгеріппін Отына махаббатың күйіп көндім Мен үшін өзімнен де биік болдың Ұнатпа мейлі жаным қуанарым бірақта Ерніңнен сүйіп көрдім Күтемін күнде сенің хатыңды шын Соншалық жүрегіме жақынбысың Алтыным әлсіреттің ақығ үшін Ұнатамын себебі ақылдысың Жаным ау жаралғансың әлем үшін Бойыңда адал сезім бар еді шын Талайдың арманына айналарсың Қалаймын себебі сен әдемісің Қасымда қазір менің неге жоқсың Түсіндім, білдім мені елемепсің Күйемін өртенемін сені ойласам Сүйемін себебі сен кереметсің Қайтесің мұң мазалап жүрсе мені Ал маған сен сенбесең кім сенеді Сені емес жүрегімді кінәлаймын Ғашықпын ерекшесің бір себебі ЕРЕКШЕСІҢ