Көргім келеді сені,
Көздеріңнің жалыны арбап мені,
Сені іздеймін!
Нәзік сезім арнап,
Махабаттың балынан бір тартсам деп едім,
Кездестірмедім
Жарық берші, жаныма келші , жаным
Жанып тұршы күнімдей боп әрдайым
Жастығымның лала гүлін арнайын,
Жанымда жүр жазғы түнгі айдайым!
Асылым, Ғашығым, айтшы маған ашығын,
Қайдан іздеймін сені?
Асылым, Ғашығым, айтшы маған ашығын,
Қайдан іздеймін сені?
Сыйлауга сен үшін,
Сезімімнің лапылдаған жалын күшін,
Шын жүректен
Жолығарын білем, іздей берем,
Мәңгі саған сенем, арман ақ құсым
Жарық берші, жаныма келші , жаным
Жанып тұршы күнімдей боп әрдайым
Жастығымның лала гүлін арнайын,
Жанымда жүр жазғы түнгі айдайым!
Асылым, Ғашығым, айтшы маған ашығын,
Қайдан іздеймін сені?
Асылым, Ғашығым, айтшы маған ашығын,
Қайдан іздеймін сені?
Бакжан & Серикболсын еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1