Нұр шашып жанарыңнан жалындаған,
Не күш бар өзіңе ана бағынбаған?
Жаныңның нәзік, сұлу жылуынан.
Адам жоқ қуат алып жылынбаған.
Қайырмасы:
Таппадым саған теңеу асыл ана,
Қалайша махабатты жасыра алам?
Идіріп алпыс екі тамырыңды,
Бұлақтай ақ сүт беріп асыраған.
От сезім анашымнан алаулаған
Жүрегім әр кез оған жалау болған
Есіме түскен кезде сәби күнім,
Үйқымнан мың оянып, сан аунаған.
Тербетіп таң атқанша бесігімді,
Үйреттің бол деп әркез кешірімді.
Қолымнан келсе егер аяулы анам,
Аспанға жазар едім есіміңді.
Баламанова Асем еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2