Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Бағлан Амангельдиев - Гүлдемей откен көктем (KZHIPHAP) | Текст песни

Гүлдемей өткен көктем
Мәтіні:
Бұл махаббаттың бастамасы тым тәтті болған,
Орта жолдан аяқталарын, айтшы, кім ойлаған?
Кім ойлаған ажырамас жұптың ажырарын,
Өшірерде сені сезімімнің шам-шырағын.
Әттең-ай, өкінгенмен өмірім өзгермейді,
Сүйіп қалғаннан кейін, білесің ғой, көз көрмейді.
Сен жайлы сұрақтар мазалап мені, жібермейді,
Бұйырмаған бақытым, соңынан қудым үлгермей.
Қалайша мен бұл жағдайда қаламын өзгермей,
Қалайша қиып кеттің мөлдіреген көздерді, ей?
Сүймесең, «сүймейм»,-деп айтсаңшы енді өзгермей,
«Мәңгі бірге болам»,-деп маған жалған сөз бермей.

Әттең-ай, сенімен өлген жастық шағым,
Әттең-ай, гүлдемей солған өмір бағым.
Шіркін-ай, қимайтын сені мөлдір жаным,
Мүмкін бе? Қайтару оның бәрін?

Әттең...
Кеудеде жүрек бір ғана,
Соғады сен деп қызғана.
Ортақ бақытты күндердің
Қалғаны жай бір із ғана.
Сезімнің салқын ызғары-ай,
Тоңды жүрегім, мұздады.
Білмеппін көктем біткен соң
Сарғайған сары күз барын.
Ойлама мені, ойлама,
Сұранарым бір, сол ғана.
Жолаушы қылған біздерде
Бір аялдама жол ғана.
Босаса көңіл, ерік бер
Жәудіреген екі көзіңе.
Жылап ал, жалғыз жасырып,
Ет-жүрегің бір езіле.

Қайырмасы:
Әттең-ай, шіркін, әттең-ай,
Басылар емес өкпем-ай.
Жазылмас жанға жара салған
Гүлдемей өткен көктем-ай.

Бағлан Амангельдиев еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2