СІЗДІҢ КЕЛІНІҢІЗ...
Қылығымен,баурап алған сиқырлы,
Түнде бөліп,бұзған тәтті ұйқымды.
Маған ғана, үзіліп-ақ тұратын,
мам,сіздің келініңіз \"сүйкімді...\"
-
Тал бойына тәрбиені жиған-ды,
Өр кеудесін,күнәлардан тыйған-ды.
Маған ғана,сақтап жүрген пәктігін,
мам,сіздің келініңіз \"иманды...\"
-
Мүмкін емес,қылығына қызықпау,
Кезі келді,сүйгенімді құрықтау...
Еркелігін,көрсететін тек маған,
мам,сіздің келініңіз \"қырсықтау...\"
-
Біздің үйге әкелетін тәтті өмір...
Арамызда сезім атты бар көпір!
Мені көрсе,елжіреп-ақ кететін,
мам,сіздің келініңіз \"ақкөңіл...\"
-
Айдай жүзі,арайланған шырайы,
Пәк сезімі мөлдір судай шынайы!
Мені көрсе,сызылып-ақ қалатын,
мам,сіздің келініңіз \"сыпайы...\"
-
Жібегімді,алып келем(ін),көріңіз,
Балаңыздың шешіміне көніңіз...
Сенбе мейлі,сенсеңіз де,Анашым!
Келініңіз айнымаған өзіңіз...
Балахан еще тексты
Другие названия этого текста
- ATOM(Blanc Colline) - Сіздің келініңіз | #KRP (0)
- Балахан - Мама Сіздің келініңіз (0)
Сейчас смотрят
- Балахан - Мама Сіздің келініңіз
- Эльмира Галеева - Он весь сверкает и хрустит (А.Ахматова)
- Massive Attack, Ghostpoet - Come Near Me
- Digitalism - Circles (OST FIFA 2012)
- Vengaboys - Boom, Boom, Boom, Boom (мой мозг проело!:DDD))
- Вилли Токарев - Рыбалка
- Адвайта, Лотос, ЭмАй, - В теории все просто.
- Noterdam de Pari (Garou,D. Lavoie,P. Fiori ) - Belle
- Марина Дюжева - Спасибо Вам, Люди... (Песня из кинофильма ''По семейным обстоятельствам'')
- frnkiero andthe cellabration - you are my sunshine (live)
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1