1)Қара таудың қиясы бар,
Қара талдың ұясы бар.
Жат жұрттыққа жаратылған,
Қыздың қандай кінәсі бар?
Қайырмасы:
Әй,әй керім боран белім,
Барған жерің бағыңды ашсын
, Әй,әй құрбым, айдай құрбым,
Бізді ұмытпай ойлай жүргін.
2)Айдын көлдің құрағы бар,
Аққу қаздың сыңары бар.
Қыдыр ата шағып алған,
Қыздың қандай кінәсі бар?
Қайырмасы:
Әй,әй керім боран белім
Барған жерің бағыңды ашсын.
Әй,әй құрбым, айдай құрбым
, Бізді ұмытпай ойлай жүргін.
3)Арпа ма екен, бидай ма екен,
Төкпей шашпай жинайды екен.
Туған жерін қыз баланың,
Қимайтыны қинайды екен.
Қайырмасы:
Әй,әй керім боран белім
Барған жерің бағыңды ашсын.
Әй,әй құрбым, айдай құрбым,
Бізді ұмытпай ойлай жүргін. http://song5.ru
Балым Исабеккызы еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 4