Еркелесең ерекше әдемісің елігіндей даланың,
Арулардың кешегі дәнегісің ай мүсінді маралым.
Адамзаттың ажарлы көркемісің күндей ашық қабағың,
Көңілдегі сезімбе ерке құсым сағыныштың самалы.
Мөлдіреген мөлдіреген мөлдіреген жанарың,
Мөлдіреген мөлдіреген мөлдіреген жанарың.
Сазды күйін сезімнің шертемісің оттай неге жанамын?
Жүрегімді жаралған өртеу үшін жәудіреген қарағым.
Кербез сұлу арайлы келбетіңнен көзімді алмай қарадым,
Теңеуіңді таба алмай жер бетінен бақытыма баладым.
Мөлдіреген мөлдіреген мөлдіреген жанарың,
Мөлдіреген мөлдіреген мөлдіреген жанарың.
Сыңсып ұшқан аққудай көл бетінде аппақ екен тамағың,
Жадыратар жанымды тербетілген үлбіреген жамалың.
Сендей сұлу жоқ десем сенемісің барма менің амалым?
Бұл өмірге келгендей өлең үшін мөлдіреген жанарың.
Мөлдіреген мөлдіреген мөлдіреген жанарың,
Мөлдіреген мөлдіреген мөлдіреген жанарың
Мөлдіреген мөлдіреген мөлдіреген жанарың,
Мөлдіреген мөлдіреген мөлдіреген жанарың.
Барс Сейтжагапаров еще тексты
Другие названия этого текста
- Барс Сейтжагапаров - Молдиреген жанарын (0)
- Музарт - Молдиреген жанарын минус (0)
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1