Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Бау минус - Ақталмаған үміт | Текст песни

Ақталмаған Үміт

1.
Бес әріптен құралған көркем еді есімің
Бес күндік жалғанда өмірімнің гүлі едің
Мен сені теңемедім аспадағы ай мен күнге
Себебі, олар тұрақсыз, ауысады кезеңімен

Жүректі құлыптадың, кете бердің кілтін алып
Өзіңмен бұлақтандым махаббатқа шексіз батып
Енді өзіңсіз қалдым, жалғыздық жанға батты
Ақталмаған үміт - сыздатар адам жаным

Ойлай беремін,
Айтшы неге ойлай беремін?
Тыным бермей мазалап күнде
Жаулаған санамды менің

Жалғай беремін ,
Үмітімді жалғай беремін
Қанша қинасаң да сен мені
Неге саған қайтып келемін?

Қайырма:
Жауабын таба алмай сұрақтың
Қинадың-ау жаным жылаттың
Сезімімнің саған арнаған
Таусылмады шегі сынақтың

Сен едің ғой сенген сыңарым
Ақтамадың үміт құлаттың
Қолұстасып кезінде жаққан
Сөңіпті ғой шамы шырақтың

2.
Неге? Неге бұлай болды айтшы бізге
\"Неге?\" деген сұрақ мазалады күнде
\"Неге?\" деп өзімнен сұрадым бірақта
Қанша іздесем де жауабын таба алмадым сұраққа

Күндермен, өзіңсіз түндерде, бақытымды іздедім
Сен кетпе өзгемен, \"Бір күн өзгереді
Айналып күз келеді\" деген үмітімді
Бір күні сөңдірем...

Тыңда! Саған арналған бұл соңғы әуен
Сол күн! Сені жолықтырғаныма өкінем
Айта беремін! (кешір) Іштей сағыныш тулап
Тағдырыма сол жазылса амалыздан көнем

Уақытты кері айналдыру қолымнан келмейді
Өткенге көз жүгіртіп, одан сені іздейді
Өзгеге сезім көнбейді, жалғыздық үнсіз тербейді
Сен мені ұтыттың, оған жүрек сенбейді

Бау минус еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1