Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Бауыржан Бекахметов - Ащы шындық | Текст песни

Pesni.guru - сайт для Гуру

Адам ата, Һауа ана мен -- Алла құлы.
Білмес деп айта алмаймын ешкім мұны.
Мал емес, адамзат қып жаратқан соң,
Адамға ұқсап жүрсе қайтеді, адамын-ай.
Ілгері заман ері елім деді,
Отаным, бала-шаға, жерім деді.
Іздегені -- жақсы сөз, жақсы әңгіме,
Ешқандай азғындыққа берілмеді.
Ел билеп, он бесінде бастай білді.
Жүрек таза, иманы тастай болды.
Қазіргі көп жігіттің ақыл-ойы
Арақ, тамақ, қатын-қыздан аспай қойды.
Қазіргі кей жігіттің ақыл-ойы
Арақ, тамақ, қатын-қыздан аспай қойды.
Шылым тістеп, айтыры өсек болды,
Аңдығаны арақ пен төсек болды.
Дүние үшін өтіріктен дос болғансып
Бар ойы бірін-бірі «жесек» болды.
Мейман күтсе, сусыны пиво болды,
Онан соң жалғасары вино болды.
Мейман күтер жақсы жері -- монша, сауна.
Жалаң бұт, атыс-шабыс кино көрді.
Сыйлағансып біреумен жолдас болды,
Көңілін ренжітіп қоймас болды.
Тұзын татып, асын жеп жолдасының
Қатынымен я қызымен ойнас болды.
Сұрқия, суайт, мәнсіз тұрысы да,
Азғындықтан аспады жұмысы да.
Қызымен жасты қызды алдау-зорлау.
Бұлай еркек болғаны құрысын да.
Кісімсіп дүние бітсе шіреңдейді,
Зорласаң да дүние беріп жүрем дейді.
Хайуанның да жәбірлесең обалы бар,
Ал адамның көз жасы жібермейді.
Жігіттер! Есің болса, арақтан қаш!
Кезігер арақ ішіп мазақтан қаш!
«Бар жамандық атасы -- арақ» деген
Арақпаз боп көретін азаптан қаш!

Тұрекеңнің бір-екі сөзі:
Атпаңдар, тіл алсаңдар, насыбайды!
Нас атсаң, нас боласың басы байлы.
Желді күні «түфі» деп жерге түкіргенде
Тезектей бет-аузыңа шашырайды.
Аптықпай ақылы толы азаматтар
Өз-өзін таза етіп асырайды.
Жараспас отыру да шылым тістеп,
Оны да қолданбаңдар қолайлы іс деп.
Түтінін өз ойымша ұқсатамын
Артыңнан арам желдей шыққан «пыш» деп.
Осындай пайдасы жоқ жұмыстардан
Қолыңды тарт, қысқанменен нәпсің күштеп.


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
  • Бауыржан Бекахметов Әкеңнің жармасып сен жағасына.mp4 Бауыржан Бекахметов Әкеңнің жармасып сен жағасына.mp4
    Бауыржан Бекахметов Әкеңнің жармасып сен жағасына.mp4 .... Керемет шындык бари ата ана тирисинде силау керек кейн окинбеу ...
  • Бауыржан Бекахметов-Достық туралы.сөзі:А.Байтұрсынов Бауыржан Бекахметов-Достық туралы.сөзі:А.Байтұрсынов
    Бауыржан Бекахметов-Достық туралы.сөзі:А.Байтұрсынов ... Бауыржан Бекахметов Әкеңнің жармасып сен жағасына.mp4 - Duration: ...
  • Бауыржан Бекахметов Айнам-ай.mp4 Бауыржан Бекахметов Айнам-ай.mp4
    Бауыржан Бекахметов Айнам-ай.mp4 ... Бауыржан Бекахметов-Асыл Жарым. сөзі: Ө. Бекахметов, әні: Б. Бекахметов - Duration ...
  • Айтыс 1986 ж Бауыржан Бекахметов Айтыс 1986 ж Бауыржан Бекахметов
    Айтыс 1986 ж Бауыржан Бекахметов ... Мен Бауыржан агамыздын анимен менин 4айлык улым бесикте жатып уйыктап калады.
  • Бауыржан Бекахметов-Ты ж мэнэ пидманула.mp4 Бауыржан Бекахметов-Ты ж мэнэ пидманула.mp4
    Бауыржан Бекахметов-Ты ж мэнэ пидманула.mp4. Rolls Royce. Subscribe SubscribedUnsubscribe 705. Subscription ...