Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Бауыржан Бекахметов - егер колда дуние болмаса | Текст песни

Pesni.guru - сайт для Гуру

Сыйластықтың бәрі далбаса,
Араласпас ешкім жармаса.
Ренжіме ағайыныңа
Егер қолда дүние болмаса.
Еркелігің ағаңа жақпас,
Ертегі айтсаң балаңа жақпас,
Әзілдерің бажаңа жақпас,
Егер қолда дүние болмаса.
Нағашыңа көздерің жақпас,
Жиеніңе сөздерің жақпас.
Өзіңе де өзгелер жақпас,
Егер қолда дүние болмаса.
Сырластарың сырыңды ашар,
Жақын досың жаныңнан қашар.
Әйелің де айқайға басар,
Егер қолда дүние болмаса.
Немерең де сұрап қоймайды,
Сөзіңіз де қуат болмайды.
Қызыңыз да құлақ қоймайды,
Егер қолда дүние болмаса.
Ұл-қызың да құлақ қоймайды,
Егер қолда дүние болмаса.
Қайын-жұртың есек дейді екен,
Құдаларың өсектейді екен.
Әпкең езіп кесектейді екен,
Егер қолда дүние болмаса.
Саған ешкім ергісі келмес,
Қарыз сұра бергісі келмес.
Түріңді де көргісі келмес,
Егер қолда дүние болмаса.
Дүниесіз пенде көпке сыя алмайды,
Кей жігіт сыямын қиялдайды,
Ауру бол жүре алмайтын тақыр кедей,
Жалғыз ана жамандыққа қиялдайды.
Жетпіс жұлдыз жағылып күндей жарық бола алмас,
Жеті жеңгең болса да бір анаңдай бола алмас,
Жетпіс жеңгең болса да ана орны тола алмас.


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-