Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Бауыржан Жаңатілеу - #Бір Қызға (Авторлық өлең) Поэзия | Текст песни

Бір қызға арнап жазсам деймін өлеңімді
Бағалайтын менің әр кез өнерімді
Бір қызға арнап шырқасам ән жырымды
Ұғынатын тек менің жан сырымды
Бір қызға деп белгілесем күндерді
Мені ойлап өткізетін түндерді
Бір қызға тек жазғым келет хаттарды
Өшіретін жүректегі дақтарды
Бір қызды тек еркелетсем күнім деп
Мені көрсе қала тұғын күлімдеп
Бір қызбенен жүрсем деймін бақтарда
Асыратын ең шырайлы шақтарда
Бір қызға деп гүлімді алсам қолыма
Тоса тұғын қарап менің жолыма
Бір қыз үшін жоғалтсам уақытымды
Жаратқаннан тілеймін бақытымды
Бір қызды тек жырлап өтсем ән қылып
Маңдайыма жазылғандай мәңгілік

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-