Сөзін еңгізген: Дінмұхаммед Әбдірахымбай (http://vk.com/id239236878)
Дос-жараңмен түсінісіп, Жарастым ба, білмеймін. Құпиясын дүниенің Жаңа аштым ба, білмеймін. Өмір деген - қалың орман. Адастым ба, білмеймің.
Қайырмасы: Өмір түгіл, өзімді де білмеймін, Сені ойласам, төзімді де білмеймін. Бір білерім - сені сүйген екенмін, Сені мәңгі аялаумен-ау өтермін.
Тәңірімнен қуат бер деп, Сұрадым ба, білмеймін. Жан түсінбей жүрегімді, Жыладым ба, білмеймін. Сан сүрініп тіршілікте Құладым ба, білмеймін.
Қайырмасы: Өмір түгіл, өзімді де білмеймін, Сені ойласам, төзімді де білмеймін. Бір білерім - сені сүйген екенмін, Сені мәңгі аялаумен-ау өтермін. (2 рет)
Ғашық дертті махабаттан, Нәр алдым ба, білмеймін. Дүниеге жұмбақ болып, Жаралдым ба, білмеймін. Бар ма, жоқ па, бақытымды Таба алдым ба, білмедім.
Қайырмасы: Өмір түгіл, өзімді де білмеймін, Сені ойласам, төзімді де білмеймін. Бір білерім - сені сүйген екенмін, Сені мәңгі аялаумен-ау өтермін. (3 рет)