Дос-жаранмен түсінісіп,
Жарастым ба, білмеймін.
Құпиясы дүниенің
Жаңа аштым ба, білмеймін.
Өмір деген - қалың орман.
Адастым ба, білмеймің.
Өмір түгіл, өзімді де білмеймін,
Сені ойласам, төзімді де білмеймін.
Бар білерім - сені сүйген екенмін,
Сені мәңгі аялаумен өтермін.
Тәңірімнен құат бер деп,
Сұрадым ба, білмеймін.
Жан түсінбей жүрегімді,
Жыладым ба, білмеймін.
Сан сүрініп тіршілікте,
Құладым ба, білмеймін.
Ғашық дертті махабаттан,
Нәр алдым ба, білмеймін.
Дүниеге жұмбақ болып,
Жаралдым ба, білмеймін.
Бар ма, жоқ па, бақытымды,
Таба алдым ба, білмедім.
Бауыржан Исаев еще тексты
Другие названия этого текста
Бауыржан Исаев - Билмеймин (1) Бауыржан Исаев - Білмеймін (0) Бауыржан Исаев - Аяулым (0)
Как вам текст?
1 out of 5
2 out of 5
3 out of 5
4 out of 5
5 out of 5
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2