Ай нұры сынды жүзіңнің нұры әлемге тарайды, Сыңғыр күлкіңмен ғашық қып жүрсің жаным-ау талайды. Түндерде батқан, күлімдеп атқан таңдарда арайлы, Мендегі жүрек бір тыным таппай тек сені қалайды. Іздегенім де сабылып көптен өзіңсің талайғы, Мендегі сезім сенің барыңды бақытқа балайды. Қозы мен Баян, Төлеген-Жібек шынайы сезімін, Бізге берген бе қызғанып бірі қызыға қарайды.
Қ-сы: Сұлу-сұлу, көзі сұлу, Сұлу-сұлу, өзі сұлу, Дертімнің дауасы өзіңсің емі. Сұлу-сұлу, тәні сұлу, Сұлу-сұлу, жаны сұлу, Жаныммен, барыммен сүйемін сені.
Сүйген ғашықтар қосылатұғын ғажайып келді күн, Атыңды шырқап ән қылып көпке айтамын мен бүгін. Қозы мен Баян болмаспыз сірә, қосыла алмайтын, Бір бақыт бізге бұйырары xақ қолыңды бер күнім.