Қайырмасы: Бəрімізді сынайды тағдыр, Сен мұңайсаң төгілер жаңбыр. Өмірде тек өзіңе сенсең, Гүлденеді көңілдің бағы. Бəрі өткінші,бақытың алда, Ұмтыла бер тек қана алға. Үмітіңнің гүлдері солмас, Өміріңде арманың барда.
Армандарсыз мәнін жоғалтар өмір, Құралған сынақтан тағдыр. Қайғы деген түнектен, Құтқарады күн нұры. Бақытқа жетер күн жақын, Алдыңда күтер арманың. Болашаққа сеніммен, Басылсын əр қадамың.