Дәл осылай болатынын сезген ем,
Ғұмырым ай, ғұмырым!
Сен кеткеннен ештеңе жоқ өзгерген,
Тірімін мен тірімін!
Өкінетін Мәжнүн деп пе ең не мені?!
Сәтсіздікке кез келген,
Ештеңеде керек емес, себебі,
Ештеңе жоқ өзгерген!
Іздеймін мен жалғыздықтан торықсам,
Ұмтыламын өрге бір!
Басымды изеп өте шығам жолықсаң,
Жаным менің көрде тұр!
Сені аңсаймын,сен туралы ойланам,
Өтірік ау алдадың!
Керек емес,хат жазбай ақ қой маған,
Телефонда шалмағын!
Сөйлейді аспан,қара жаңбыр түнімен,
Сол Алматы,сол өзен!
Ағыл тегіл жылайды рас түнімен,
Жылайды рас терезем!
Әбдіжаппар Әлқожа еще тексты
Другие названия этого текста
- Әбдіжаппар Әлқожа - Мәжнүн деп пе едің (0)
- Әбдіжаппар Әлқожа - Мәжнүн деп пе едің (0)
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2