Қ/сы: Оралмайтын көктемім Неге қайта күтемін Қинадыңау жанымды Жабырқаттың жүдеттің Кеткеніңе сенбедім Неге қайта келмедің Махаббатым сен едің Өмірімді өзгерттің
1. Қаншама күндер өтті, екеуміздің арадан Қаншама жыл өтсе де, шыға алмадың санамнан Естеліктердi ойлап, ой түбіне барам Қолға алып қалам, өзің жайлы жазам Жаулап алып өзіңе, мендегі жүрегімді Енді кетіп барасың, түсінбедім сені Қайда барасың енді, кіммен және кімдермен Кіммен болсаңда жаным, сені сүйіп өтем
Қ/сы: Қайда сол бір күндер Қайда сол бір түндер Сонда жаным менің Болдыма бәрі бекер * * * Оралмайтын көктемім Неге қайта күтемін Қинадыңау жанымды Жабырқаттың жүдеттің Кеткеніңе сенбедім Неге қайта келмедің Махаббатым сен едің Өмірімді өзгерттің
2. Мен коп ойландым, бірақ ойланғаным қате Неге сансыз ойлар мені, мазалады күнде Ойымда қаншама сұрақ, жауабын береді кім Жүрегім жаралы менің, жарасын емдейді кім Жарайды оны қойшы, мен сені сағындым жаным Өзіңсіз атпайды менің, келесі бір таңым Жарайды өткен күндер, тек қана сағым жаным Құтты болсын сенің, басыңа қонған бағың