Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Бейбіт Қорған - Халық қасиеті | Текст песни

Айтамын сізге ,
Байтақ жер бізде
Ел емеспіз бе
Бөлінбес жүзге
Өзгемен біз де
Тең емеспіз бе
Болашақ жарқын
Үмітті үзбе

Дінімізді ұмытпайық
Тілімізді жаттайық
Ата - баба аруағына
Өмір сүрсек біз лайық
Жүргеміз жоқ біз марқайып,
Абайлайық , байқайық
Бұл заманда мініп жүрміз
Түбі тесік желқайық

Әбілқайыр , Абылай
Қасым ханым , Тәукем - ай
Қаракерей Қабанбай ,
Қанжығалы Бөгенбай,
Сырым батыр, Сыпатай,
Кенесары , Наурызбай
Исатай мен Махамбет
Төле биім , Райымбек
Есім ханым , Жәнібек
Әйтеке мен Қазыбек
Бұл бабаларды
Қол жеткіз оны
Уа халқым менің
Ұрпақты ойла
Аруағың қонды
Тексіз боп қалдық
Бас иіп жүрші топырағына

Халқымыздың өзге жандар берекесін ұрлады
Неге біздер ұмытамыз қасіретті жылдарды
Жасырмайық , паш етейік тарихтағы сырларды
Ұрпақтарға жеткізейік қасиетті ұлдарды

Абай , Жамбыл , Ақан -ай,
Біржан менен Сәкен -ай,
Шәкәрім мен Қасым -ай
Шоқан қазақ асылы - ай
Жүсіпбек , Ахмет , Міржақып
Мағжан қайда жатыр - ай
Тұрар , Илияс, Саттар - ай
Су бұрқаныш Сүйінбай
Дәулеткерей , Тәттімбет
Құрманғазы Динабай
Тек ойламаймыз , бағаламаймыз
Бір - бірімізді біз алалаймыз
Ойран боп бірлік
Жасайық тірлік
Осы да жетті
Шашылып жүрдік

Өзгені біз бағалаймыз,ұлы етіп танимыз,
Өзімізге қарамаймыз, шашылса да барымыз
Ұлттық дәстүр қасиетке теріс ақты қанымыз
Ойланайық қасіретке жолыққанша бәріміз

Мұқағали , Марфуға
Төлеген мен Фариза
Әнуар мен Тұрсын хан
Сәбит , Ғабит таптыдан
Қадір , Мұхтар , Олжастың
Нұрғисаны сен жырла
Шерхан , Шәмші, Тұманбай
Дінмұхаммед , Нұрсұлтан
Әлия , Мәншүк қазақтан
Бауыржандай батырың

Айтамын сізге ,
Байтақ жер бізде
Ел емеспіз бе
Бөлінбес жүзге
Ойран боп бірлік
Жасайық тірлік
Осы да жетер
Шашылып жүрдік


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-