Көздеріңнен күліп күн, отын үрлеп үміттің Елітесің жанымды, назы балдай қылықтым Пәк сезімдер гүл ашты, көңіліме нұр шашты Қалай ғана сол сезім, махаббатқа ұласты
Бақыт күткен ақ таңдарым Тәтті арманым, тапқан бағым Қарсы алайық бақыт таңын бірге жаным, ғашығым Арайлы таң нұр сыйласын Гүл сыйласын, жыр сыйласын Жарық шашқан жұлдызымсың, құндызымсың, асылым
Ештеңе жоқ таңданар, саған әнім арналар Сүйген жүрек алдында, шарасызбыз бар ма амал Жүрек от боп жанса да, аңыз болған баршаға Ғашықтар көп өмірде, қосылмаған қаншама
Бақыт күткен ақ таңдарым Тәтті арманым, тапқан бағым Қарсы алайық бақыт таңын бірге жаным, ғашығым Арайлы таң нұр сыйласын Гүл сыйласын, жыр сыйласын Жарық шашқан жұлдызымсың, құндызымсың, асылым
Таңғы шықтай тұнығым, сездің бе жан жылуын Жүрегіңе жол салар, махаббаттың жыры мың Баурап алдың жанымды, бағалай біл, бағыңды Өшіре алмас ешкім де, біздегі ыстық жалынды
Бақыт күткен ақ таңдарым Тәтті арманым, тапқан бағым Қарсы алайық бақыт таңын бірге жаным, ғашығым Арайлы таң нұр сыйласын Гүл сыйласын, жыр сыйласын Жарық шашқан жұлдызымсың, құндызымсың, асылым Жарық шашқан жұлдызымсың, құндызымсың, асылым