Жаным-ау, қарайсың мөлдіреп, Көз моншағым. Сен ғана айтатын елжіреп, Сөзді аңсадым. О, менің жүрегім, жүрегім, Әппақ арым, Мен үшін жайқалған гүл едің, Бақта жаным.
Қайырмасы: Арманым мені аяла, Аяла тағы аяла, Жанымның бағын саяла, Сағынғаным!
Арманым мені аяла, Аяла тағы аяла, Жанымның бағын саяла, Жаным, жаным!
От сезім алаулап көзіңде, Жүрші алдымда. Мен сүйген мөп-мөлдір сезімге, Кір шалдырма. О, менің жүрегім, жүрегім Алып ұшқан. Сол жүрек тапқандай бір емін, Сағыныштан.