ЖАЙЫҒЫМ
өленін жазған:Қасым Аманжолов,
әнін жазған:Бек Оралбеков.
1.
Жарқын жүзбен жайраңдап
Жатырсың ағып, Жайығым.
Жағаңда ойнап, сайрандап
Ескенмін заман қайығын.
Сырғып аққан сынаптай
Сабырлы өзен, салқын су.
Толқыныңды құшақтай
Келіп қонды бір аққу.
Қайырмасы:
Есіңде ме, Жайығым,
Қалмадың ба жатырқап?
Жамылып кеш сағымын,
Келмеуші ме ем ән шырқап...
2.
Қанаттанып жағаңда
Еді-ау бір кез ол ұшқан.
Сол бір аққу мен едім,
Келіп тұрмын алыстан.
Ойын, күлкі әзілмен
Бойында өткен талай күн...
Жайық, саған қазір де
Риза бола қараймын.
Қайырмасы:
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1